Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды», – делінген Ақорданың Twitter-дегі хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады. Ол партияны Ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті.