Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Елордада ер адам тоғызыншы қабаттың терезесінен жайма арқылы түспек болып, қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 26 қаңтарда Құдайбердіұлы даңғылында болған.
«26 қаңтар күні полицияға Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден ер адамның құлағаны туралы хабар келді. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның денесін тапты. Анықталғандай, ер адам 9 қабаттан жерге түспек болып, құлап кеткен», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкері ер адам бір-біріне байланған жайма арқылы төмен түсуге тырысқанын растады.