Заңсыз түрде сыйақы алған әкім қаражатты мемлекетке қайтаратын болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылғанына қарамастан 659 мың теңге сыйақы алған

Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында ауыл әкімі тәртіптік жазасы бола тұра 659 мың теңге сыйақы алған. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылының әкімі тәртіптік жазаға тартылған. Бірақ желтоқсанда басқа қызметкерлермен бірге сыйақы алған. Енді мемлекет ауыл әкімінен сыйақысын қайтаруды сұрап отыр.

«Оның тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын негізсіз алынып, сыйақы берілген. Бұл – заңсыз. Сол себепті 659 мың теңге сыйақыны кері қайтаруы керек», - деді облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті.

Енді әкім сыйақының ақшасын тауып, мемлекетке кері қайтаруы керек.