Хабарлама «Ақорда» сайтында жарияланған
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.