Ол 2021 жылғы қыркүйекте Сенат депутаты болып тағайындалған
Серікбай Тұрымов қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комитет төрағасы депутаттардың ұсынысы бойынша депутаттар арасынан сайланады», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов депутат Серікбай Тұрымовты ұсынды.
«Ол Маңғыстау облысында кәсіпорын басшысы болып бастап, кейін облыс әкімдігінің хатшысы болды, жауапты қызметтерді атқарды. 2021 жылғы қыркүйекте Сенат депутаты болып тағайындалды және Сенат депутаты ретінде заң шығарушылық қызметте мол тәжірибесі бар, біздің білікті әріптесіміз. Мен оны 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметтегі әріптес ретінде білемін. Қарапайым халықтың тумасы, білікті, мәселені жақсы білетін маман адал еңбек етті», - деді Мәкежанов.
Депутаттар Тұрымовтың кандидатурасын қолдап, оны қаржы және бюджет комитетінің төрағасы етіп сайлады. Бұл лауазымда ол бүгін Сенат төрағасының орынбасары болып сайланған Ольга Перепечинаны алмастырды.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрымов Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде жұмыс істеген.