Арыстанғани Заппаров Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама «Ақорда» сайтында жарияланды

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровты қызметінен босатты. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.