Шектеуге байланысты делегациялар саны қысқартылды
ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюковтың айтуынша, бұл сома жоспарланған көлемнен аз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бейжің Олимпиадасына 250 млн теңгеге жуық қаражат жоспарланған. Алайда, бұл сома 220 млн теңгеге қысқарды, өйткені шектеуге байланысты делегациялар саны қысқарды», - деп түсіндірді Қазақстан ҰОК Бас хатшысы.
Оның айтуынша, Жазғы Олимпиаданың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген тексерулер ҰОК жұмысында жымқыру, қаражатты мақсатсыз пайдалану және осыған ұқсас жайттар табылмағанын көрсетті.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін реттелген процедуралық бұзушылықтар және бюрократиялық жағдайлар бар», - дейді ол.