25.01.2022, 12:54
Жаңалықтар
Алматы, Ташкент, Бішкек қалаларында жарық беру жүйесі істен шықты
Электр энергиясының өшуі KEGOC желісі бойынша болып отыр
Фото ашық дереккөзден
Алматыда, Қазақстанның оңтүстігінде және көрші елдерде электр қуаты өшіп тұрғаны байқалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматының бірнеше ауданында сағат 12:00 шамасында жарық өшірілді. Желі қолданушылары қазіргі уақытта Медеу, Жетісу, Түрксіб, Бостандық, Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарында жарық жоқ екенін хабарлайды.
«Электр энергиясының өшуі KEGOC желісі бойынша болып отыр. Желідегі кернеу төмендеді. Электр энергиясын қайта қосу жұмыстары басталды», - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.
Қырғызстанда, Қазақстанның оңтүстігінде және Ташкентте жарық өшкені туралы хабарламалар келіп түсуде.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 16:00
Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
30.10.2026, 20:28
Петропавлдың қақ ортасында колледж оқытушысы бойжеткеннің алдында жалаңаштанып, әдепсіз әрекет жасаған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды