Орталық сайлау комиссиясының төрағасы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама «Ақорда» сайтында жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалсын.

 

Қазақстан Республикасының

   Президенті            Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 25 қаңтар

                        № 784