Мемлекет басшысы ОСК төрағасы Берік Имашевті қызметінен алды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама «Ақорда» сайтында жарияланды

Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қызметінен босатты. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.