Пандемия басталғалы тәулігіне алғаш рет 16 мыңнан астам науқас тіркелді – Ажар Ғиният

Автор: Azattyq Rýhy

Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жыл басынан бері республикада 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырғанын, ал пандемия басталғалы алғаш рет тәулігіне 16 мыңнан астам науқас тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл «Омикрон» нұсқасының өте жоғары жұқпалығына және таралу жылдамдығына байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел қызыл аймақта орналасқан. Республика бойынша соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейі 1,5 есе өсті.

Өлім-жітім бүкіл пандемия кезеңіндегі күн сайын ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,4 есе азайды. Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр», − деді министр.