«Жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 25 қаңтардағы жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Түркістан облысы орналасқан.
«Жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ.