Күдікті қамауға алынды
Таразда есірткі тасыған жедел жәрдем жүргізушісі ұсталды. Оған қатысты есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
42 жастағы Жамбыл облысының тумасы 17 қаңтарда салмағы шамамен 1 кг 400 гр болатын "гашишті" пойызбен Тараздан Нұр-Сұлтанға жеткізбек болған.
«Ұсталған ер адам жедел жәрдем жүргізушісі болып шыққан. Ол есірткіні жеке мақсатқа пайдалану үшін жазда жинаған», - деп мәлім етті Тараз қалалық полиция департаменті.
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті қамауға алынды.