Былтыр мемлекеттік бюджетке 11,4 трлн теңге түскен

Автор: Azattyq Rýhy

Ел бюджетіне ең көп ақшаны Алматы қаласы құяды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік бюджетке 2021 жылы шамамен 11,4 триллион теңге түсті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға көп, деп хабарлайды Экспресс К.

Басылымның жазуынша, ел бюджетіне ең көп ақшаны Алматы қаласы құяды. Мегаполис өткен 12 ай ішінде бюджетке 2,9 триллион теңге төлеген. Одан кейін 1,5 триллион теңге төлеген Атырау облысы мен 1,4 триллион теңге құйған Нұр-Сұлтан қаласы келеді.

Қалған қалалардың қосқан үлесі келесідей. Алматы облысы мемлекеттік қазынаны 773,7 миллиард теңгеге, Қарағанды облысы - 695,3 миллиард теңгеге, Павлодар облысы - 421,6 миллиард теңгеге, Маңғыстау облысы - 420,2 миллиард теңгеге, ШҚО - 413,4 миллиард теңгеге, БҚО - 358,3 миллиард теңгеге, Ақтөбе облысы - 376,7 миллиард теңгеге, Түркістан облысы - 308,3 миллиард теңгеге, ал Қостанай облысы - 294,3 миллиард теңгеге толықтырды.

Көш соңындағылар қатарында 291,3 миллиард теңгемен Шымкент, 257,2 миллиард теңгемен Ақмола облысы, 163,1 миллиард теңгемен Қызылорда облысы, 145,1 миллиард теңгемен Жамбыл облысы және 118,9 миллиард теңгемен СҚО тұр.

Ел бюджетінен бөлек, халқымыздың Ұлттық қорына өңірлерден салықтар мен төлемдер түсіп тұрады. Мәселен 2021 жылы оған 2,6 триллион теңге түсті, бұл 2020 жылға қарғанда 86,6 пайызға артық.

Ұлттық қорға ең көп ақша мұнайлы өңірлерден келген. Көшбасшы 5 облыс: Атырау (1 триллион теңге), БҚО (715,5 миллиард теңге), Маңғыстау (576,5 мл миллиард рд теңге), Ақтөбе (118,2 миллиард теңге) және Қызылорда облыстары (73,6 миллиард теңге).