Қазақстандық боксшы ұзақ уақыттан соң шаршы алаңға оралады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық боксшы 3 ақпанда Мәскеуде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Әбілхайыр Шегалиев (8-0, 4 КО) ақпанда шаршы алаңға оралады, деп жазады Prosports.kz.

Вoxrec мәліметінше, қазақстандық боксшы 3 ақпанда Мәскеуде жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Магомед Магомедов (3-1, 1 КО) болады.

Айта кетейік, Әбілхайыр Шегалиев кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы қарашада өткізіп, угандалық Мухамад Себьялді жеңген еді.