Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғай болады
«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде тұман болжанады.
Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында сондай-ақ тұман болады.