Бұл туралы ол Twitter-парақшасында жазды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек екенін айтты. Бұл туралы ол Twitter-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін Үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсарту керек екенін атап өтті.