«Қажетсіз бастама»: Президент мемқызметкерлердің жалақысын қорға аудару туралы

Автор: Еркежан Айтказина

Мемлекет басшысы бизнес қоғамдастықпен кездесті

Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес қоғамдастықтықпен кездесу барысында «Қазақстан халқына» қорына мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлерінің қаражат аударуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысын аударуы мүлдем қажетсіз бастама. Бұл бюджеттік қор емес екенін тағы да баса айтамын. Бұл Қазақстан халқының қоры, сондықтан оның жұмысын ұзақ бюрократиялық процедураларсыз құру керек», − деді Президент.