«Қайрат» футзал командасына 2022 жылы 2 миллион еуро қарастырылған
Елордалық «Астана» футбол командасы мен алматылық «Қайрат» футзал командасының 2022 жылға арналған бюджеті белгілі болды, деп жазады Vesti.kz KazFootball.kz порталына сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпараты бойынша, «Астана» командасының келесі маусымдағы бюджеті 9,7 миллион еуро (4,8 миллиард теңге) болады.
Айта кетейік, өткен маусымда «Астана» командасы 18,6 миллион еуро бөлінген еді. Бірақ оның жартысы 2018-2021 жылғы аралығындағы қарыздарды жабуға кетті.
Ал «Қайрат» футзал командасына 2022 жылы 2 миллион еуро қарастырылған.