Биыл зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Автор: Azattyq Rýhy

Жеткіліктілік шек 1 сәуірден бастап екі есе артады

Фото ашық дереккөзден

2022 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесінде бірнеше бастама жүзеге асырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бастамалардың арасында ең маңыздыларының бірі тұрғын үй сатып алу, емдеу немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін қор қаражаттың бір бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі 1 сәуірден бастап екі есе артады.

Қаңтар айының 1-нен бастап зейнетақы жинақтары бойынша жеткіліктілік шегін арттыру, банк-банкроттардың талап етілмеген салымдарына қатысты және зейнетақы төлемдерін ұлғайту, бірлескен зейнетақы аннуитетін іске қосу, әйелдер үшін зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен арттыру бастамалары жалғасады.