«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Онлайн форматта өтеді

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтеді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавирус індетіне байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді», - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-де.