19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын жауады

 

Синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«ҚР басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерге антициклон жотасы әсер етеді, онымен байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде желмен бірге бұрқасын болып, тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында..

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады, облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының орталығы мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі, облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстік жартысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.