Операция барысында 131 бірлік атыс қаруы тәркіленді
Терроризмге қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 мың 748 қатысушысы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының комендатурасы мәлім етті.
Белгілі болғандай, операция барысында 131 бірлік атыс қаруы мен 4 мың 179 оқ-дәрі тәркіленді. Ал өткен тәуілікте «102» пультіне 437 хабарлама келіп түскен.
«Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 41 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді», - делінген хабарламада.