«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 6 519 қазақстандық қаражат аударды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды

Фото ашық дереккөзден

Бүгін таңертең «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 6 519 қазақстандықтан 10,1 млн теңге түсті деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

«Қазақстан халқына» қоры арқылы қайырымдылыққа «Kaspibank» АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд теңге, «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ - 2 млрд теңге, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС - 350 млн теңге және басқа да заңды тұлғалар елеулі үлес қосты. 

Жалпы, заңды тұлғалардан 12,36 млрд теңге түсті. 

Бұға қоса, Премьер-Министр А.Ә.Смайылов және Премьер-Министрі Кеңсесінің, Президент Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды.  

«Бұл қаражат халықтың игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталатын болады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына – мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді», − делінген «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры таратқан хабарламада.