Бұзақылардан келген шығын көлемі 112 миллиард теңгеден асады
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде орталыққа жақын орналасқан 37 пәтерді бұзақылар бүлдіріп кеткен. Бұл туралы қала әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен өткен жедел кеңес барысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгінге дейін 37 пәтерге тексеріс жүргізілді. Қазір мамандар қанша шығын кеткенін есептеп жатыр. Бұған бірнеше күн қажет. Біз ол туралы ПИК пен тұрғындарға хабарлаймыз, өйткені алдағы екі күнде тергеу амалдары жүргізіледі», - деді жиында есеп берген қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.
Жиында Алматыға екі күн ойран салған бұзақылардан келген шығын көлемі 112 миллиард теңгеден асатыны айтылды.