Қаражаттың аударылғанын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді
Алматы әкімдігі өз қызметкерлері бір күндік жалақыларын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аударады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаражаттың аударылғанын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлының 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісі отырысында берген тапсырмасын орындау аясында «Қазақстан халқына» атты әлеуметтік қор құрылып, қор басшысы тағайындалды. Осыған байланысты Алматы әкімдігі қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға жіберу туралы шешім шығарылды», - деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.