Елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 211 адам ауыр жағдайда жатыр

aa.com.tr

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 15 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 8 адам қайтыс болды.

15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 55 837 адам коронавирус инфекциясынан (–54 157+ және 1 680 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 516 пациент стационарда, 50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 211 адамның жағдайы ауыр,

- 86 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 13 қаңтардағы мәлімет бойынша 42 жаңа жағдай тіркелді, 79 адам жазылып шыққан, 2 өлім жағдайы тіркелді.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 84 605; 

- өлім жағдайы – 5 233;

- барлығы 77 692 адам сауығып шықты.