Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды
Ертең, яғни 15 қаңтарда Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алып тасталады. Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Жарлық Ақорда ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, 2022 жылғы 15 қаңтарда сағат 7.00-де Ақмола және Қостанай облыстары шекарасында төтенше жағдай режимі алып тасталады.
Бұған дейін Шымкент қаласы және Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешім қабылданғанын жазған болатынбыз.