Қазақстанның тағы үш облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Жасыл» аймақта үш-ақ облыс қалды

Фото: tengrinews.kz

14 қаңтарда Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа, Алматы және Жамбыл облыстары «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан өңірлеріндегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 14 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай жағдай қалыптасты:

  • «Қызыл» аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары;
  • «Сары» аймақ: Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстары;
  • «Жасыл» аймақ: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.