Мұны Атырау облысының комендатурасы жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде Атырауда «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен. Атырау облысының комендатурасының хабарлауынша, бұл ақпарат – фейк. Бұл туралы stopfake.kz сайты жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Атырау облысы Полиция департаменті тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.