Ол ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігі лауазымынан босатылды
Бейбіт Исабаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 13 қаңтар
№ 768