Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпарат Ақорда сайтында жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.