Қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штабы 14 өңірде терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда.
Тиісінше аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейі сақталуда.