Облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді
Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша өрт кеше сағат 23.58-де Семейдегі Засядко көшесіндегі көпқабатты үйде шыққан. 10 қабатты үйдің подъезінде қоқыс өртенгені анықталды.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Үйдің подъезді көк түтін тұмшалағандықтан 9 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Олар Вахта көлігіне орналастырылды. Ал жалпы ауданы 4 шаршы метрге жеткен қызыл жалын сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді.