Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша пойыз қатынайтын болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қос қалада да төтенше жағдай күшінде

Фото ашық дереккөзден

Елорда мен Алматы арасындағы темір жол байланысын жақсарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қос қала арасында қосымша пойызды жолға шығаратын болды. Алғашқы құрам 12 қаңтарда сағат 22:25-те «Алматы-2» станциясынан шығып, «Нұр-Сұлтан-1» станциясына бағыт алады. Бұл туралы «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған пойыз 13 қаңтарда сағат 23:43-те Алматыға кері қайтады.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай жарияланған кезде елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері, темір жол қатынасы тоқтаған болатын. Қазіргі таңда екі қала арасында пойыздардың бәрі кесте бойынша жүріп жатыр.

Билеттер туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.