Еуропарламент төрағасы қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сассоли Фриули-Венеция-Джулия өңіріндегі Авиано қаласындағы ауруханада көз жұмған

Фото ашық дереккөзден

Еуропарламент төрағасы Давид Сассоли 11 қаңтар күні 65 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның хатшысы Роберто Куилло Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Сассоли Фриули-Венеция-Джулия өңіріндегі Авиано қаласындағы ауруханада көз жұмған. 26 желтоқсанда саясаткер иммундық жүйесінің дисфункциясынан туындаған күрделі асқынуға байланысты ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін, 2021 жылдың қыркүйегінде ол пневмониямен Старсбургтегі ауруханада жатып шыққан.

2009 жылы Сассоли Демократиялық партия тізімі бойынша Еуропа парламентіне сайланды. 2019 жылдың 3 шілдесінде Еуропарламент төрағасы болып сайланған. Оның мандатының мерзімі биылғы жылдың қаңтарында аяқталуы тиіс болатын.