«Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға 2021 жылы жазда әдейі әкелген» деген ақпарат жалған

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қауесетті ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды

Фото ашық дереккөзден

Telegram мессенджерінде Ауғанстан азаматтары Қазақстанға өткен жылы жазда Үкіметтің бұйрығымен әкелінгені туралы хабарламалар таратылуда.Оларды Шымкентте орналастырған екен. Бұл – фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Бұл қауесетті ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

«Ондай ештеңе болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.