Мемлекетке сатқындық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy truestorykz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«ҰҚК-ның экс-басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке сатқындық жасады деген іс бойынша 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның тергеу соты хабарлады», - делінген хабарламада.
AR редакциясы Кәрім Мәсімовті қамауға алу туралы соттың ресми ақпаратын күтеді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҚР ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігіне сәйкес мемлекетке сатқындық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Сол күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.