Президент елімізде өте табысты компаниялар тобы пайда болғанын мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мәжіліс отырысында Президент қазақстандықтарға көмектесу мақсатында «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құруды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қор жұмысының ашық болатынына және жоспары мен бюджетіне қатысты барлық ақпарат қордың сайтында жарияланатын болады. Қорды қаржыландыру жекелей және мемлекеттік құрылымдар есебінен қаржыландырылады. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарын тарту көзделген. Біз ірі кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде қорға төлем аударылады деп үміттенеміз», - дейді Президент.
Ол өз сөзінде Тұңғыш Президент – Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және тіпті халықаралық стандарттар бойынша бай адамдар тобы пайда болғанын мәлімдеді.
«Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оған жүйелі және тұрақты негізде көмектесетін уақыт жетті деп санаймын. Сондықтан Үкімет компаниялар тобын анықтап, олармен Қорға жыл сайынғы жарналардың мөлшерін келісуі керек», - дейді Президент.