Бұл жобаға отандық және шетелдік архитекторлар мен урбанистер шақырылады
Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында елордадағы LRT құрылысын қатаң сынға алып, аталған жобаны о бастан қате болған деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«LRT құрылысы үлкен проблемаға айналды. Жоба о бастан қате және сыбайлас жемқорлыққа толы, мұны мойындауымыз керек. Қазірдің өзінде бұл жобаға қыруар шығындар жұмсалып, шетелдік серіктестердің алдында үлкен келісімшарттар мен міндеттер қабылданған. LRT-ға қатысты оңтайлы шешім қабылдануы керек, себебі оны сүріп тастау ақша мен уақытты желге шашу болып саналады. Аталған жобаны қалай тиімді пайдалануға болатынын шешетін отандық және шетелдік архитекторлар мен урбанистерді шақырудан басқа біздің таңдауымыз жоқ», - деді Қасым Жомарт Тоқаев.