Алматының бірнеше ауданы лаңкестерден тазартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталған

Алматы қаласының Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы қала комендатурасының ақпарат орталығы хабарлады.

10 қаңтардағы мәлімет бойынша лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталған. Сондай-ақ, 31 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленген.

 Блок-посттарда 38 адам ұсталыпты. «102» басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түскен.

 Комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түскен.