Екі базардан 207 адам ұсталды
10 қаңтар күнгі мәлімет бойынша ішкі істер органдарына 7939 адам жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша Алматыда Ұлттық Ұланның және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің қатысуымен жедел іс-шаралар өткізу кезінде екі базардан 207 адамды ұстады.
Ұрланған 5 автомобиль, тауар-материалдық құндылықтар (жаңа компьютерлік процессорлар, Ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.