Қысқы жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде
Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылғы 9 қаңтарда республикалық маңызы бар барлық жолдардың ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің ресми хабарламасында: «Автокөлік қозғалысы қамтамасыз етілген. Қысқы жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде», - делінген.
Сондай-ақ министрлік Алматы әуежайы қаладағы жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қызмет көрсете бастайтынын хабарлады. Жалпы әуе айлағы техникалық жағынан ашылуға дайын.