Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер 11-13 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 11-13 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды  Azattyq Rýhyтілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері тұман түсіп, көктайғақ болады.

«Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен келетін жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен Қазақстанның көптеген облысында бұлтты, жауын-шашынды ауа райы, тұман және көктайғақ сақталады. Соған қарамастан, ауа температурасы әлі де орташа көпжылдық көрсеткіштен жоғары болады. Тек республиканың оңтүстігінде қысқа мерзімді ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - дейді «Қазгидромет» өкілдері.