$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда төтенше жағдай салдарынан пойыздар кешігуде

ТЖ салдарынан Ақтау, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әуе рейстері тоқтатылды

Қазақстанда төтенше жағдай салдарынан пойыздар кешігуде
Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласына, сол сияқты Маңғыстау және Алматы облыстарына ТЖ енгізілуіне байланысты Мақат және Жем теміржол станциялары бойынша қозғалыс тоқтатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан басқа, Мақат және Жем станциялары арқылы Алматы-1, Алматы-2, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан станцияларынан жүретін жолаушылар пойыздарының жөнелтілуі тоқтатылды.

Сондай-ақ, 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні 14 пойыздың жолаушылары межелі жерге жеткізілмеді. Қазіргі уақытта пойыздар уақытша станцияларда орналасқан. Жолаушылар ас-сумен қамтамасыз етіледі.

«Жағдай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жедел штабының бақылауында. Пойыздардың қозғалысы жағдай жақсарғаннан кейін қалпына келтіріледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, 5 қаңтардағы жағдай бойынша ТЖ салдарынан Ақтау, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әуе рейстері тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары