$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жаппай тәртіпсіздіктен 9 адам зардап шекті

Пациенттерді шұғыл да, жоспарлы емдеуге жатқызу бойынша да қабылдайды

Астанада жаппай тәртіпсіздіктен 9 адам зардап шекті
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ауруханалар мен емханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалалық медициналық ұйымдардың бәрі штаттық кесте бойынша жұмысын жалғастыруда. Пациенттерді шұғыл да, жоспарлы емдеуге жатқызу бойынша да қабылдайды.

«Бір тәулікте митинг орындарына жедел медициналық көмек 9 шақыртуға қызмет көрсетті. Оның үшеуінде тұрғынға сол орында көмек берілді. Ал қалған 6 тұрғынды қосымша тексеру үшін стационарларға жеткізді. Олардың барлығын мамандар қарап, амбулаториялық емдеуге жіберді. Ешкімде ауыр жарақат жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары