ҰКП зардап шеккен кәсіпкерлерден палатаға жүгініп, келтірілген зиянның көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы билік органдарын бизнесті тәртіпсіздіктен қорғауға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп жатыр. Ұлттық палата қазірдің өзінде зиян келтірген жағдайларды тіркеді. Банктерге, мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау фактілері бар.
Бірқатар өңірде енгізілген төтенше жағдай шеңберінде «Атамекен» жергілікті билік пен құқық қорғау органдарын кәсіпкерлердің мүлкін тонау мен тәртіпсіздіктерден қорғауға шақырады», - делінген «Атамекен» хабарламасында.
Сонымен қатар, ҰКП зардап шеккен кәсіпкерлерден палатаға жүгініп, келтірілген зиянның көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды.
Палатада жедел желі жұмыс істейді.
«Ұлттық палата Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс режимі бойынша Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарының комендатураларынан ресми ақпарат күтеді», - деп жазды «Атамекен» ҰКП