Вирус жұқтырған 200-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

ӨЖЖ аппаратында 54 науқас жатыр

Фото ашық дереккөзден

Елімізде 5 қаңтардағы мәлімет бойынша 16 692 адам коронавирус инфекциясынан (14 787 КВИ+ және 1 905 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Науқастар арасында 2 267 пациент стационарда, 14 425 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • Жағдайы ауыр – 199 науқас;
  • жағдайы өте ауыр – 65 науқас;
  • ӨЖЖ аппаратында жатыр – 54 науқас.