Энергетика министрінің Жаңаөзендегі халықпен кездесуі жөнінде: «Мен күні бойы жиналыста болдым»

Автор: Azattyq Rýhy

Вице-министр зауыт басшысымен және газды алыпсатарлармен кездесті

Фото ашық дереккөзден

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «Бұл жолы Жаңаөзенге барғаным жоқ» деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Энергетика министрі сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне байланысты жергілікті биліктің баға саясатымен келіспеген Маңғыстау халқымен неге кездеспегенін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңаөзендегі жағдайға байланысты тексеру комиссиясы құрылды. Оның төрағасы бар. Егер Жаңаөзенге барып халықпен кездесу керек деген шешім шығатын болса барамын. Бүгін түске дейін, түстен кейін түрлі жиналыстарда болдым. Менде қазір Жаңаөзенге немесе Маңғыстауға бару туралы ақпарат жоқ», − дейді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру кезінде. 

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, халықтың наразылығынан хабардар болысымен вице-министрді сол жаққа жіберген.

«Вице-министр зауыт басшысымен және газды алыпсатарлармен кездесті», − дейді минстр.