Жаңа жыл түнінде еліміз бойынша 30 мың полицей жұмыс істеді

Автор: Azattyq Rýhy

ІІМ басшысы Жедел басқару орталығының жұмысын тексерді

Фото: polisia.kz

Жаңа жыл түнінде 30 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері  қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық гарнизонның бөлімшелерін аралап, қызмет барысын және жол қозғалысы қауіпсіздігін тексерді.

«Қалаларда тәулік бойы кезекшілік ету үшін арнайы 110 модульдік полиция бекеті және «дабыл түймелері» орнатылды. Азаматтар көп жиналатын жерлерде, көшелермен аулаларда автопатрульдер мен жаяу нарядтар жұмыс істейді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі де қатаң бақылауда. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек керек кезде Жедел басқару орталығына еліміздің түкпір-түкпірінен арыз-шағымдар, өтініштер келіп түседі. Біздің ең бастысы мақсатымыз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Ішкі істер министрлігінің әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.